$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан мен Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді

AstanaTV
05.11.2025ж. 19:00
Қазақстан мен Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді

Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен Беларусь Премьер-Министрі Александр Турчин екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселесін талқылады. Тараптар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрлық индустрия және жасанды интеллект, көлік пен логистика, туризм және денсаулық сақтау салаларында өзара іс-қимылды нығайтуға келісті. Кездесу қорытындысы бойынша 2026–2028 жылдарға арналған бірқатар жол карталары мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.