Қызылорда облысы Шиелі ауданының Тартоғай ауылының кіреберісіндегі теміржол өткелінде жолаушылар пойызы мен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан көлік жүргізушісі көз жұмды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, «КамАЗ» жүргізушісі қозғалыстың қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қараусыз теміржол өткелінде «Маңғыстау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызымен соқтығысты. Салдарынан көлік жүргізушісі медициналық мекемеде көз жұмды», - делінген Қызылорда облысы Полиция департаментінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.