$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Қайрат» «Интерден» 2:1 есебімен жеңілді

06.11.2025ж. 03:08
«Қайрат» «Интерден» 2:1 есебімен жеңілді
Фото: УЕФА

Милан қаласындағы әйгілі «Джузеппе Меацца» стадионында өткен УЕФА Чемпиондар лигасының 4-турында «Интер» мен «Қайрат» кездесті.

 Алғашқы минуттардан-ақ алаң иелері басымдық танытып, бірінші таймның соңында есеп ашты. Екінші таймда «Қайрат» ойын тізгінін өз қолына алып, бұрыштамадан гол соқты. Алайда араға уақыт салып, «Интер» тағы бір гол соғып, жеңісті алып кетті.