«Қазгидромет» РМК 6 қараша күнгі ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжауынша, атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауады.
Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде антициклон жотасының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ал солтүстікте қар аралас жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Астана қаласында ауа температурасы 0 -2 градусты көрсетеді. Оңтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Алматыда термометр күндіз 0 +2°C-ді көрсетіп, түнде және таңертең тұман болады.
Шымкент қаласында күн жылы, ауа температурасы +6+8 градус. Түнде және таңертең қаланы тұман басады.