$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Орталық Азия елдері мен АҚШ СІМ басшылары «С5+1» саммиті қарсаңында өңірлік өзара іс-қимылды дамытуды талқылады

06.11.2025ж. 13:36
Орталық Азия елдері мен АҚШ СІМ басшылары «С5+1» саммиті қарсаңында өңірлік өзара іс-қимылды дамытуды талқылады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев «С5+1» форматындағы алдағы мерейтойлық кездесуге орайластырылған салтанатты қабылдау шеңберінде Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесуіне қатысты.

Сұхбат барысында тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің перспективаларын, сондай-ақ сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуды қоса алғанда екіжақты күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымын талқылады. Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы жетекші экономикалық серіктесі екені аталып өтті.

Тәуелсіздік жылдарында тікелей америкалық инвестициялардың жалпы ағыны 60 млрд доллардан асты, бұл олардың өңірдегі жиынтық көлемінің 80%-дан астамын құрайды.