$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оқушылар сабақ кезінде смартфон пайдаланса, ата-анасына айыппұл салынады

06.11.2025ж. 12:00
Оқушылар сабақ кезінде смартфон пайдаланса, ата-анасына айыппұл салынады
Фото: Ru.freepik.com

 Оқушылар мектепте смартфон пайдаланса, ата-анасына айыппұл салынады,- деп хабарлайды Astana TV.  Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова айтты.

- «Білім туралы» заңда ұялы телефонды сабақ процесінде пайдалануға тыйым салынғаны жазылған. Бұл тұрғыда жауапкершілік жауапкершілік ата-анаға жүктелген. Сондықтан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте бұл 409-бапта осы жауапкершілік нормасы қарастырылған. Талаптар бұзылған жағдайда, Кодексте айыппұл сомасы көрсетілген. Егер бұл бірінші рет болса, ескерту беріледі. Ал тағы қайталынып жатса, айыппұл салынады, - деді М. Мелдебекова.