Қазақстанда 8 мыңнан астам әйел «Қызғылт қазан» республикалық акциясына қатысып, сүт безі обырының ерте диагностикасынан өтті. Бұл акция халықтың сүт безі обыры туралы хабардарлығын арттыру мақсатында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен және еліміздің 20 өңірлік онкоорталығының қатысуымен өткізілді
Акция шеңберінде онкоорталықтар мен емханаларда ашық есік күндері, кәсіпорындарда көшпелі тексерулер, сондай-ақ әйелдерге арналған дәрістер мен консультация беру шаралары ұйымдастырылды. Профилактикалық жұмыстарға ірі компаниялар да белсенді атсалысып, дәрігерлермен кездесу алаңдарын ұсынды.
«Маммографияны қоса алғанда барлығы 3440 зерттеу мен талдау жүргізілді. Нәтижесінде 629 әйелден онкологиялық және ісікалды үдерістер, 2573 әйелден басқа патологиялық өзгерістер анықталды», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.