Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Испанияның Барселона қаласына ұшып келді. Әуежайда оны Чили, Мексика, Аргентина, Эквадор, Бразилия және Испаниядан арнайы келген жанкүйерлер гүл мен жалаулармен қарсы алды,- деп хабарлайды Astana TV Dimashnews.com сілтеме жасап.
Фанаттар “Оле, оле-оле-оле, Димаш!” деп ұрандатып, қуанышын тікелей эфир арқылы әлеммен бөлісті.
Қарсы алушылардың арасында чилилік әнші Пабло Ромеро да бар — ол “My Name Is” телешоуының жартылай финалисі әрі Димаштың әндерін орындауымен танымал.