$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Сенат фонограмманы пайдалануға тыйым салатын заңды Мәжіліске қайтарды

Сенат фонограмманы пайдалануға тыйым салатын заңды Мәжіліске қайтарды

Сенат фонограмманы пайдалануға тыйым салатын заңды Мәжіліске қайтарды. Себебі әлі де ширататын мәселелер бар. Құжатта 200-ден астам адам жиналған шараларда ғана қолданылуы көзделген. Көшелер мен алаңдарда, ипподром сияқты нысандарда фонограммаға тыйым салынбайды. Бірақ, осыған қатысты ұйымдастырушылар тиісті хабарлама жасауға міндеттеледі. Заң бұзылған жағдайда мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

АЙБЕК СЫДЫҚОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Фонограмманы толық тыйым салу мүмкін емес. Себебі мәдениет мекемелері тек қана концерттік ұйымдар емес, сонымен қатар фонограмманы пайдаланатын театрлар да бар, цирктер де бар. Сол себепті біз ара-жігін ажырату үшін концерттік мәдени-бұқаралық іс-шара деп бөлдік.