$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жалған коучтар мен кәсіби емес психологтар жұртты күйзеліске душар етуде

Жалған коучтар мен кәсіби емес психологтар жұртты күйзеліске душар етуде

Жалған коучтар мен кәсіби емес психологтар қоғамда жалған түсінік қалыптастырып, ерлі-зайыпты арасына іріткі салып жатыр. Бұл туралы сенатор Амангелді Есбай депутаттық сауалында көтерді.  Оның айтуынша, азаматтар тарапынан психологтар мен коучтердің жеке және отбасылық өмірге шамадан тыс араласуы, сондай-ақ эмоциялық жағдайдың нашарлауына қатысты шағым көбейген. Депутатат әсіресе қысқа мерзімді “танымал психология” курстарына алаңдаушылық білдіріп, олардың әдістері ғылыми тұрғыдан дәлелденгеніне күмән келтірді. Салдарынан отбасындағы құпия ақпараттар таралып, кейбір жандар күйзеліске душар болған дейді.  Сондықтан депутат осындай қысқа мерзімді курстарға байланысты құқықтық жауапкершілік жүктеуді ұсынды.

АМАНГЕЛДІ ЕСБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Көптеген жағдайда бала тәрбиесіне қатысты теріс нұсқаулар беріліп, эмоциялық зорлық-зомбылық элементтері кеңес формасында ұсынылады. Мұндай кеңестердің нәтижесінде ата-аналар мен балалар арасында сенім жоғалып, психологиялық жарақат пен жанұялық байланыстардың үзілуі жиілеп отыр.