Жамбылда дертіне дауа іздеген науқас аудандық ауруханаға барып ауруына ауру қосып алған. Оны дәрігерлер толық тексермей, операция жасамақшы болыпты. 57 жастағы әйел денсаулығыма зиян келтірген дәрігерлер тиісті жазасын алсын деп отыр. Өйткені адамның өмірін ойыншық қылған біліксіз мамандардың кесірінен өзгелердің де өміріне қауіп төніп тұр дейді.
Шолпан Отарбайқызы қыркүйек айында желке тұсына шыққан ісікті көрсетуге аудандық ауруханаға барады. Қабылдаған хирург қорқатын дәнеңе жоқ деп операция жасайтынын айтқан. Ісікке тексеру жүргізбей, наркоз беріп, тамағына интубация жасау 3 рет сәтсіз шыққан. Салдарынан қан қысымы көтеріліп, жүрегі нашарлай берген соң отаны тоқтатты дейді. Ең сорақысы қойған диагноздары екі түрлі болып шыққан.
ШОЛПАН ЫРЫСАЛИЕВА, ШУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Байжановтың өзі айтады маған, «сізді мен тірі алып қалдым ғой», 4-ші жасайын деп жатқанда тоқтатыңдар, тоқтатыңдар өліп қалады деп мен 4*шіні сізге салдырған жоқпын ғой дейді. Тағы бір мәселе. Менің қолымда липома деп тұр. Ол кісі Дамуға компьютерге салғанда басқа диагнозбен қойған.
Мойынға шыққан ісікті аламын деп өлім аузынан қалған науқастың ол аздай енді тамағы іріңдеп, дертін асқындырып алыпты. Дәрігерлер денсаулығымен зиян келтіргенін біле тұра ешқандай емдік шара жасамады дейді.
ШОЛПАН ЫРЫСАЛИЕВА, ШУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Ол кісілер біліп тұр. Менің тамағымның бәрі жыртылғанын. Басқа болған жағдайды қолыма бір назначение беру керек еді ғой. Жооқ. Менің тамағым күннен күнге асқынып. Су да жұта алмай қалдым.
Болған жағдайдың бәрін бас дәрігер біледі. Сол күнгі кезекші хирург пен анистизиолог жіберген қателігі үшін сөгіс алып, айыппұл арқалаған.
ЖАЙДАР АЙТИШЕВ, ШУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Мойынды шалқайтып жасаған кезде, кеңірдекке түсу үшін ол кеңірдек көрінеді. Сол кезде именно кеңірдекке түсе алмаған. Дәрігерлердің жіберген қателігі ревматолог жоспарлы түрде бұл кісіні қарап тексеріп, рисктерді анықтау керек еді. Рисктерді анықтамағаны үшін қазір выговор беріп отырғаны, рисктерді анықтамай отаға кірісіп кеткен.
Алайда қателікке жол берген қос дәрігердің алған жазасына жәбірленуші тарап келіспейді. Сондықтан қайта қызметтік тексеріс жүргізіп, ауруға ауру қосып бергені үшін қатаң жаза қолдануды сұрайды. Осылайшы адам өмірін ойыншық деп ойлайтын өзге дәрігерлерге де сабақ болсын деп отыр.