Жасанды интеллект журналистердің сенімді көмекшісіне айналмақ. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Astana Media Week 2025 форумында өткен семинар барысында айтылды. Шараға елордалық және өңірлік БАҚ өкілдері, сондай-ақ медиасала мамандары қатысты. Семинар барысында сарапшылар жасанды интеллект арқылы жасалған фото мен видеоны анықтау тәсілдерін таныстырды. Қатысушылар сонымен қатар жасанды интеллекті журналистік тәжірибеде қалай тиімді қолдануға болатынын талқылады.
АРШАТ ОРАЗ, “QAZCONTENT” АҚ SЕО МАМАНЫ:
ЖИ дәуірі басталды деп жатырмыз ғой. Бірақ әлі көп салаға толық енген жоқ. Нақты ақпарат саласы бойынша айтатын болсақ, толық енді деуге болады. Өйткені, түрлі мәтін болсын фото, видео, аудио болсын барлық контент бойынша түрлі ЖИ платформалар бар. Түрлі модельдер үлгілер бар.Оның бәрін журналистикаға енгізуге жұмыс жасап жатырмыз.