Енді тұрғындарға баспана мәселесін шешуге қолдау көрсетілмек. Бүгін Астанада «AMANAT» партиясының қалалық филиалының бастамасымен «TURGYNDAR AMANATY» жобасының фронт-офисі ашылды. Партия мүшелерінің айтуынша, алдағы уақытта тұрғындардың жиі қоятын сұрақтарына жауап беретін жасанды интеллект негізіндегі чат-боттарды іске қосу жоспарланып отыр. Жаңа фронт-офис тәжірибе алмасуға, кәсіби кеңес пен қолдау алуға арналған тиімді алаңға айналмақ.
МҰХАМЕД БОЛЫСБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Бұл жобаның ерекшелігі егер заңнамалық тұрғыдан мәселелер болса, онда біз осы тұрғын үй қатынастарына байланысты заңнаманы уақытылы жетілдіріп отыруымыз керек. Жүйені енгізу арқылы, чат ботты жүзеге асырғымыз келеді. Яғни ол жерде жасанды интелектті қолданғымыз келеді. Арыз шағымдардың барлығын сол жерде қабылдап алып, соларды пысықтап, мәселелерді дұрыс әрі сапалы шешіміне жетуіміз керек деп ойлаймыз.