$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті спорт фестивалі өтуде

06.11.2025ж. 19:00
Астанада «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті спорт фестивалі өтуде

Астанада «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті спорт фестивалі өтіп жатыр. Шарада барлық өңірден келген 500-ге жуық бала бақ сынады. Қатысушылар бочча, жеңіл атлетика және эстафета бойынша екі күн бойы сайысқа түсті. Бұл фестиваль ерекше балаларды қоғам өміріне бейімдеу үшін ұйымдастырылып отыр. «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек мұндай жиындар қайырымдылық пен бауырмалдық тоғысқан бірегей алаңға айналған дейді. Айта кетейік, партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында ерекше білім беруді қажет ететін 16 мың баланы қамтитын 1,8 мың инклюзия кабинеті мен 688 бейімделген спорт секциясы жұмыс істейді.

НҰРГҮЛ ҮЛЖЕКОВА, ҚАЗАҚСТАН БОЧЧА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ, "ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мен өзім ерекше баланың анасымын. Менің балам қарапайым мектепке барғанда оның қатарластарымен тіл табысуы өте қиын болды. Сол кезде осы идея дүниеге келді. Яғни, менің балам мен оның сыныптастары бірге бір шараға қатыса алатындай мүмкіндік жасағым келді. Нәтижесінде, біз партияның көмегімен осындай ерекше балалар қатыса алатын үлкен жарыс ұйымдастырдық.

ӘДИЯ МАСАЛИМОВА, ҚАТЫСУШЫ:

Негізі Аянат 4,5 жылдай боччамен айналысады. Бастапқыда қызығушылық, хобби ретінде келсе , қазіргі таңда кәсіби тұрғыда өзін көретуде. Үлкен жарыстарға қатысамыз.