$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Тоқаев Трамппен кездесті: Тараптар не талқылады?

07.11.2025ж. 19:00
Тоқаев Трамппен кездесті: Тараптар не талқылады?

Мемлекет басшысы Дональд Трамппен кездесті. АҚШ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ақ үйде жылы шыраймен қарсы алды. Қос тарап ынтымақтастықты арттыратын салаларға тоқталып, перспективті бағыттары нақтыланды. Нәтижесінде, 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Сондай-ақ, Ақ үйдегі жүздесу барысында басшылар Израиль Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлескен. Онда еліміздің Ибраһим келісімдеріне қосылуы туралы шешімі әңгіме болды. Осы арқылы Қазақстан қақтығысты еңсеруге, диалогты ілгерілетуге және халықаралық құқықты қолдауға үлес қосады. Ресми кездесуден кейін Мемлекет басшылары еркін форматта әңгімелесті. Ақ үйдің іргесінде тұрып, жаңадан салынып жатқан салтанат сарайының құрылысын көрді.