$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан Ибраһим келісіміне қосылды

Қазақстан Ибраһим келісіміне қосылды

Қазақстан Ибраһим келісіміне қосылды. АҚШ Президенті Дональд Трамп бұны әлем елдері арасында алтын көпір орнатудағы маңызды қадам деп бағалады. Айта кетейік, Қазақстан Ораталық Азия елдері арасында алғаш болып осындай қадам жасады. Бұл келісімнің артықшылығы неде? Бекболат Сатуов сарапшылардың пікірін білді.

Ақ үйдегі кездесуде екі ел басшылары тарихи келісімге келді. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында бірінші болып Ибрахим келісіміне қосылды.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл – бүкіл әлемде ынтымақтастық орнатуда айтарлықтай алға ілгерілеу. Бүгінде көптеген ел Ибраһим келісімдері арқылы бейбітшілік пен өркендеу жолын таңдап отыр.

Дегенмен бұл еліміздің ұстанған бағытын өзгертпейді. Керісінше тұрақтылық пен өркендеу мүддесін ұстануға мүмкіндік береді. Мәселен, Қазақстан әскери блоктарға кірмейді, санкциялық немесе қарсыластық саясаттарды қолдамайды. Біз Ресеймен, Қытаймен, ислам әлемімен, Батыс және Шығыс елдерімен тең құқықты және өзара тиімді негізде қатынастар орнатып, бейтараптықты ғана сақтаймыз.

ӘЛІШЕР АБДРЕШЕВ, ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Қазақстан — бұл келісімдерге қосылған алғашқы Орталық Азия елі. Болашақта, менің ойымша, біздің еліміздің Таяу Шығыстағы оқиғалардың бәсеңдеуіне ықпал етуге тамаша мүмкіндігі бар. Менің ойымша, Қазақстан осы келісімдерге қосылу арқылы Таяу Шығыста бейбітшілікті нығайтуға, сол арқылы аймақтағы жағдайды біршама тұрақтандыруға мүмкіндік алады.

Келісімге қосылу Таяу Шығыс, Еуропа және АҚШ-тың жетекші елдерінің ресурстарына, инновацияларына және нарықтарына жол ашады. Қазақстан инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және IT салаларына тікелей инвестициялар тарта алады. Бұл – жаңа өндірістердің ашылуы, жұмыс орындарының көбеюі, табыстардың артуы және азаматтардың өмір сапасының жақсаруы деген сөз.

АЙНҰР ТҰҚЫМОВА, ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Аврам келісіміне қосылу арқылы өзіміздің дипломатиялық салмағымыз артатыны сөзсіз. Бұл тек қана қауіпсіздік әскери-саяси мәселе емес. Бұл инвестиция, экономика саласындағы мәселе. Сондықтанда бұл келісімге қосылу арқылы Қазақстан бірнеше мақсаттарды жүзеге асырады.

Қазақстан мемлекеті мен қоғамы палестиналықтарға ынтымақтастық білдіріп, олардың тәуелсіздік пен қауіпсіздікке деген құқықтарын қолдауды жалғастырады. Ибрагим келісіміне қатысу бұл позициядан бас тарту емес. Керісінше, Қазақстан жаңа дипломатиялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, диалог пен гуманитарлық бастамалар арқылы палестиналық халықтың мүддесін ілгерілете алады.