$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата отырысында жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң жобасы талқыланды

07.11.2025ж. 19:00
Алматыда Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата отырысында жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң жобасы талқыланды

Алматыда Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата отырысында жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң жобасы талқыланды. Басқосуға Мәжіліс депутаттары, Қоғамдық палата мүшелері, жергілікті билік өкілдері мен сарапшылар қатысып, депутаттардың бастамасымен жасалған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жайлы пікір алмасты. Бұл бастама жергілікті басқару жүйесін демократияландыруға және азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға серпін беретініне сенімді.

АЙДОС САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Негізгі мәселесі – қазіргі қарым-қатынастардың ең болмағанда бюджеттік қатынастары бар, салықтық қатынастар бар. Осыларды негіздеп, осы қазіргі бюджеттік процеске бәріне тіркетіп жіберу. Заң жобасын талқылаймыз. Осында біраз азаматтар бар. Сайланған ауыл әкімін, сайланған осы маңдағы аудан әкімдерін шақырттық. Оларды да тыңдағымыз келіп отыр.