Қазақ тілі әліпбиін латын
графикасына кезең-кезеңмен көшіру үшін жұмыс топтары құрылды. Оның жұмыс
жоспары мен құрамы Үкімет басшысының қатысуымен өткен ұлттық комиссияның
кезекті отырысында талқыланып, бекітілді. Ол орфографиялық, әдістемелік,
терминологиялық және сараптамалық-техникалық жұмыс топтарынан тұрады. 4 жұмыс тобы
латын графикасын білім жүйесіне біртіндеп енгізудің ережелері мен әдістерін
әзірлейді, тілдің терминдік қорын жүйелейді, сондай-ақ латын графикасын IТ-технологияларға және ақпараттық кеңістікке бейімдеумен айналысады.
Латын
әліпбиіне өту шарасы 3 кезеңнен тұрмақ. Бірінші кезең 2018-2020 жылдарды,
екінші кезең 2021-2023 жылдарды, үшіншісі - 2024-2025 жылдарды қамтиды.