1 желтоқсаннан бастап автолизинг бағдарламасы іске қосылады,- деп хабарлайды Astana TV.
Бағдарламаның негізгі шарттары да белгілі болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, тиімді мөлшерлеме 10 пайыздан аспайды. Несие мерзімі көліктің маркасы мен шыққан жылына қарай белгіленеді.
Жаңа механизм азаматтарға көлікті лизингке алып, кейін оны толық сатып алу немесе кері қайтару мүмкіндігін береді. Бұл құрал жеңілдетілген автонесие бағдарламаларына балама ретінде қарастырылып отыр.