$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Таза алтыннан жасалған унитаз аукционға қойылды

08.11.2025ж. 16:30
Таза алтыннан жасалған унитаз аукционға қойылды
Фото: pixabay

Италиялық концептуалист-суретші Маурицио Каттеланның ерекше өнер туындысы таза алтыннан жасалған унитаз Sotheby’s аукционында басты лот ретінде ұсынылмақ, -  деп хабарлайды Astana TV. El.kz сілтеме жасап. 

The New York Times басылымының хабарлауынша, «Америка» деп аталатын бұл өнер туындысының бастапқы бағасы 10 миллион АҚШ долларына белгіленген.

18 караттық алтыннан құйылған, салмағы 100 келіден асатын унитаз 18 қараша күні Нью-Йоркте өтетін саудаға шығарылады.

Маурицио Каттелан бұған дейін де ерекше инсталляцияларымен танылған. Оның ең танымал жұмыстарының бірі қабырғаға скотчпен жабыстырылған бананнан тұратын «Комедиант» туындысы. Бұл шығарма 6,2 миллион долларға сатылған болатын.