$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда жолаушылар автобусы аударылып, бір адам қаза тапты

07.11.2025ж. 23:15
Павлодарда жолаушылар автобусы аударылып, бір адам қаза тапты
Фото: Павлодар облысының полиция департаменті

 «Павлодар–Қызылорда» автожолында, Шідерті кентінен 10 шақырым жерде рейстік автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай,  жол жиегіне аударылып қалған. Салдарынан бір жолаушы көз жұмып, тағы алты адам түрлі дене жарақатын алды.

 

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, автобуста шамамен 50 жолаушы болған. Оқиға орнына жедел жәрдемнің бес бригадасы және Апаттар медицинасы орталығының бір бригадасы жіберілді.