$516.01 €582.47 ₽6.26
×

«Ноу криминалити!» - Ноу криминалити? Ресей мемлекет ретінде қысқы Олимпиадаға қатысы алмайды.

AstanaTV
09.12.2017ж. 20:00
2199
«Ноу криминалити!» - Ноу криминалити? Ресей мемлекет ретінде қысқы Олимпиадаға қатысы алмайды.

Ресей алдағы жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына мемлекет ретінде қатыспайды. Допингтен таза спортшылар сайыстарға бейтарап тудың астында түседі, жеңімпаз болған жағдайда Олимпиада гимні ойналады. Бұл елдің допинг дауына қалғанына бірнеше жыл. Рио-да өткен жазғы Олимпиадаға да 100-ден аса спортшысы қатыстырылмаған.  2014-те өздерінде болған Сочи Олимпиадасында жеңімпаз, жүлдегер атанған спортшылары медальдарынан айырылып, мемлекет ретінде алған бірінші орнынан бірден 4-ші орынға түскен. Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімінен кейін Ресейде истерика басталды. «Жылағаның не, ұлығың келеді!» деген, кейбір азаматтар. Олимпиадаға бойкот жариялау туралы айта бастаған. Әйтеуір президенті «қатысамын деген спортшыларға кедергі жоқ» дегесін барып, сабырға келген. Себебі спортшы үшін Олимпиадаға қатысу мүмкіндігін саяси құрбандыққа шалу... Екінші жағынан, бойкот жариялағаннан түк шықпайтынын, келесі жолы «ренжіп қалдыңдар ма, келе қойыңдар» делінбейтінін түсінеді.  

Несіп Жүнісбайұлы, спорт журналисі:

Егер бармаса, Ресей спортшылары Олимпиадалардан 50,100 жылға тыс қалуы мүмкін. Шын мәнінде Ресей спортшылары әсіресе Сочи олимпиадасында жаңағы бәлені пайдаланған болуы тиіс. МОК-тың, ВАДА-ның қорытындысы, Шмидт бастаған топтың қорытындысы солай десе, болған. Ол түгілі біздің ауыр атлетика федерациясын 1 жылға алыстатып тастады ғой, Америкадағы әлем чемпионатына бара алмай отырмыз... Біздің дәуірімізге дейін 338 жылы Грек патшасы Олимпиаданы тоқтатып тастаса, біздің ғасырымызда Олимпиадын тоқтатып тастайтын осы допинг бола ма деп қорқамын. Өйткені допинг қолдану тоқтамайды.

Допинг мәселесінің «қарақұртқа» айналғаны рас. Медицина, технологиялар дамыған сайын әл бермей кетуі ғажап емес. Бірақ «Ресейде допинг қолдану мемлекеттік деңгейде қолдап-қолпашталды» деген айып... Озық ойлы азаматтар, журналистер, сарапшылар вице-премьер Виталий Мутконы – спортқа жауап беретін ірі шенеунікті «спортқа зәр арқылы жетекшілік етті» деп зәрлі сипаттайды. Ресей спортшыларының анализдерімен параллель жүргізіп. Ресейдің түрлі халықаралық жарыстарды өткізу құқығын жеңіп алуына орай туған күмәнға Мутконың «ноу криминалити» дегенін әжуалайды. Соңғы жылдары құйындай көтерілген «ура, патриотизмнің» керісінше, мемлекеттің абыройын төгіп, мына жағдайда қаншама спортшының тағдырын балталағаны анық.