Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәйітті таңғы сағат 4:31-де қирандылардың астынан табылғанын хабарлады.
Құтқарушылардың ақпараты бойынша, кинологтар мен құтқарушылар апаттық-құтқару жабдықтары мен тепловизорды пайдаланып, ер адамның жатқан жерін анықтаған.
- Таңертең іздестіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін құтқарушылар мәйітті үйінді арасынан тауып алып шықты, - деп қосты Павлодар облысы ТЖД.