$516.01 €582.47 ₽6.26
×

«Әлемді әдемілік құтқарады»... Музей «музей» ме?

AstanaTV
09.12.2017ж. 20:00
4859
«Әлемді әдемілік құтқарады»... Музей «музей» ме?

Леонардо да Винчидің «Әлемді құтқарушы» картинасы өткен айда рекордтық ақшаға – 450 млн долларға сатылғаны мәлім, сол картина Абу-Дабидегі Луврде қойылады. Өткен қараша айында ашылған, 1,3 млрд долларға салынған музейде. Картинаны кімнің сатып алғаны сол күйі жұмбақ. Сатып алушы аукционға телефон арқылы қатысқан, сауда 20 минутқа жалғасқан, бастапқы бағасы 100 млн доллар болған. New York Times картинаны сауд ханзадасы Бадер бин Абдулла бин Мұхаммед бин Фархан аль-Сауд сатып алды деп болжайды. Ол тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның досы және бизнес әріптесі көрінеді.

Жалпы, бұл картинаны сату тарихы 1958 жылдан басталады, Лондонда өткен аукционда 60 долларға сатылған. Себебі Да Винчидің емес, оның ізбасарларының бірінің шығармасы деп есептелген. Ұлы суретшінің туындысы екені белгілі болғаннан кейін әрине, бағасы ғарыштық жылдамдықпен өсті – 2013 жылы ресей миллиардері Д. Рыболовлев 127,5 млн долларға сатып алған. Ал осындай ғажап картиналарды сатудағы баға рекорды екі жыл бұрын болған. Пабло Пикассоның «Алжир әйелдері» картинасын Катардың бұрынғы премьер-министрі Хамад Әл Тани 179 млн долларға сатып алған. Айтпақшы, Аби-Дабидегі Лувр Францияға «Лувр» аты және Париждегі Луврден картиналарды жалға алғаны үшін жүз милллиондаған доллар төлейді. 

Біз музей саласын аздап қаузап көрдік. Музей қызметкерінің айлығынан бастап, сала қызметін сөрелеп қоюы тиіс музей туралы заңға дейін. 50 мың теңгеге жетпейтін айлық бар, ал заң мүлдем жоқ! Және музейге қызығушылық та ...жоқ десе болады. Диана Сапарқызының материалы.

Диана Сапарқызы, тілші:

Музей сырға толы мекен деп айтсақ қателеспейміз. Луврға жұртшылық Леонардо да Винчидің «Мона Лизасын», Микеланджелоның «Құлдар» мүсінін көруге әлемнің түкпір-түкпірінен барады. Лувр, Эрмитажды қойып, Біз елге оралайық, көбісіміз музейден Алтын адамды көрдік деп мәз боламыз. Көпшілік құнды экспонаттардың көшірмесін көріп жүргендеріне назар аудармайды.

Ал, Алтын адамның түп нұсқасын көргендер саусақпен санарлық. Ұлттық музей мамандарының айтуынша, мына "алынбас" тас қамалдың ар жағында жуырда Алтын Адамның түп нұсқасы пайда болады. Түпнұсқа болғандықтан, бұл залға кіру билеті әдететгіден де сәл қымбатырақ тұратын болады деп болжанып отыр.

Рыскүл Бетталиева, ҚР Ұлттық музейінің бас қор сақтаушысы:

Алтын адамның көшірмелері көп деп айтып жатады. Неге көп деп айтып жатады. Түп нұсқасы бізде ғой бірақ та.

Назерке Асылбекқызы, экскурсия маманы:

Музейдегі әр экспонат белгілі бір күтімді қажет етеді. Бір экспонаттарды мүлдем шаңын сүрпей, қолмен түртуге болмайтын болса, бір экспонаттар мүлдем жарықты қажет етпейді. Ал кейбіреулері белгілі бір температурада ұзақ сақталады. Ал енді Берел қорғанындағы жылқылардың ежелгі адамдар қалай сақтағаны туралы құпиясын айтып беретін болсам, алдағы сүйекке келейік, бұл сүйектерді ежелгі адамдар жаз мезгілінде қайың ағаштарына орау арқылы жерлеген болатын. Күз мезгілінде жауын шашын жауып, тастардың арасына өтеді. Қыс мезгілінде қар еріп бұл мұзға айналады.Сол мұздың арқасында бұл сүйектер әлі күнге дейін жақсы сақталып тұр. Ал қазір заманауи техникалардың нәтижесінде.

Лувр, Эрмитаж музейлері тек өзіне ғана емес, сонымен қатар мемлекет қазыналарына да жылына миллиардтаған табыс әкеледі. Ал, біздің елде музейді бизнестің қайнар көзі ретінде көру әзірге мүмкін емес деп отыр, музейтанушылар. Олардың айтуынша, кейбір музейлерде мемлекеттік мекеме статусы бар, ал енді біреулер қазынашылық кәсіпорын. Ол екеуінің айырмашылығы өте көп. Мысалы, музейдің дамуына коммерциялық жобалармен айналысу өте жақсы әсер етеді. Қазынашылық кәсіпорынның коммерциямен айналысуға қақысы бар, ал мемлекеттік мекеме статусындағы музейлер коммерциялық жобамен айналыса алмайды.

Рыскүл Бетталиева, ҚР Ұлттық музейінің бас қор сақтаушысы:

Музейдегі бар нәрсені пайдаланып, ақылы қызмет көрсетуге бізге шек қойылған. Ал Эрмитажда басқа музейлерде, дүниежүзілік мүзейлерде, олар өздерінің музейінің әрбір шаршы метріне ақы түсіреді де, сол музейдің мұқтажына жұмсалады. Қажетіне жұмсалады.

Ал музей танушы мамандар мәселенің түбін – елімізде музей  саласына  арналған заң жобасының жоқтығынан көреді.

Нұрсерік Жолбарыс, музейтанушы:

Музей саласының бізде кенжелеп қалғанын мойындау керек оны. Біз көршілерімізбен салыстырғанда. Оның бір ғана мысалы Қазақстанда музей туралы заң жоқ. Біздің барлық көршілерміздің барлығында музей ісі туралы заң бар. Бізде Қазақстанда заң жоқ. Осыдан да біраз нәрсені аңғаруға болады.

Заң не үшін керек?

Нұрсерік Жолбарыс, музейтанушы:

Музей саласында неліктен заң қажет дейсіз. Қажеттілігі көбінесе кадр ісін реттеуге. Музейдің ұйымдастырушылық құқықтық формаларын реттеуге белгілі бір заңды қажет етеді. Мысалға, қазір Қазақстандағы музейлерде кадрларды жұмысқа алған кезде белгілі бір талаптар жоқ. Сіз инженерсіз ба, биологсыз ба, әлде медбикесіз ба, экономиссіз ба сіз музейге жұмысқа орналаса аласыз. Сіз ғылыммен айналыса аласыз. Ал ол кісінің фундаменталды бакалавр магистр сияқты ең жоқ дегенде филология саласы немесе әдебиет, тарих саласынан білімі жоқ, бірақ музей саласында жұмыс істей алады. Осы кадр саласын реттесе екен дейміз, жаңа заң арқылы. Одан кейін заң арқылы ұйымдастырушылық құқықтық формаларын реттесе екен дейміз.

Дегенмен елімізде аталған мамандық екі жоғары оқу орнында оқытылады екен. Ақылы бөлімге түскендер жылына 882 мың теңге төлейді.

Меруерт Егізбаева, Әл Фараби ат. Қазақ Ұлттық университетінің доценті:

Бізде ақылы бөлім бар. Ақылы бөлім бізде 882 мыңның көлемінде. Бір жылға. Бізде ақы көлемі сондай. Төрт жыл оқиды.

Сөйтіп «музей ісін» бітіріп шыққан түлектер жұмысқа тұрғаннан кейін 50 мыңнан 70 мың теңгеге дейін жалақы алады. Бірақ қайтпас жандар қай жерде де табылады...

Абылайхан Зия, Әл Фараби ат. Қазақ Ұлттық университетінің 3-курс студенті:

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар дейді ғой. Еліміздегі ең білікті маман болуға тырысып жатырмыз. Бірінші курстан бастап ағылшын, орыс тілін жетік меңгеруге тырысып жатырмын. Жақында тест тапсыруды жоспарлап отырмын. Сөйтіп шетелде практикалық білім алып келуді. Шет тілін білу керек міндетті түрде. Қазіргі кезде басты талаптардың бірі. Біздің мамандық үшін шетелде оқу ол өте қажеттілік.

-Ұлттық музейге Тайландтан  арнайы келген қонақтар келді. Сізге біздің елдің музейі ұнады ма?

Делунси: Өте ұнатып тұрмыз. Жаңа ғана «Алтын адамды» көріп келдік. Осы Қазақстанның тарихын.

Диана Сапарқызы, «Біздің уақыт».