$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Грэмми — 2026» сыйлығына үміткерлер жарияланды

08.11.2025ж. 18:42
«Грэмми — 2026» сыйлығына үміткерлер жарияланды
Фото: BBC

 Америкалық рэпер Кендрик Ламар екінші жыл қатарынан беделді Грэмми сыйлығына ең көп ұсынылған орындаушы атанды, деп хабарлайды Қазақпарат ВВС-ге сілтеме жасап. 
 
Биыл әртіс «Үздік альбом» аталымымен қоса, 9 номинацияға ие болды.

Үздік орындаушы атағы үшін Ламару 6 номинация бойынша ұсынылған және екінші орында келе жатқан Леди Гагамен бәсекелеседі.

Грэмми премиясына үміткерлер қатарында пуэрто-Рико рэпері Бад Банни мен әнші Сабрина Карпентер бар. Номинанттар тізімінде Netflix платформасы үшін жасалған «KPop Demon Hunters» («Кейпоп-жын аңшылары») анимациялық мюзиклі де болды.

Грэмми жеңімпаздарын АҚШ Ұлттық дыбыс жазу өнері және ғылым академиясының 15 мың мүшесі таңдайды.

Еске сала кетейік, Грэмми марапаттау рәсімі 2026 жылдың 1 ақпанында Лос-Анджелестегі Crypto.com аренасында өтеді.