$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

08.11.2025ж. 19:50
Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан әлем чемпионатында бірінші орынды иеленді. 

Таиландтың астанасы Бангкок қаласында өткен ересектер арасындағы додада қазақстандық спортшылар 11 алтын, 16 күміс және 13 қола медаль жеңіп алып, ерлер мен әйелдер командалық есепте үздік шықты.