Таразда фосфор қоймаларының бірінде жойқын жарылыс болды,-деп хабарлайды Astana TV.
Жамбыл облыстық ТЖД ақпаратынша, оқиға фосфор зауытының аумағында болған.
«Сары фосфорды тасымалдау ыдысына төгу кезінде заттың оттекпен әрекеттесуі салдарынан қысқа уақытта от шыққан. Өрт зауыт қызметкерлерінің күшімен дереу сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген ресми хабарламада.
ТЖД қызметкерлері жағдайды анықтау шараларын жүргізген, тұрғындарға қауіп жоқ екенін хабарлады.