Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина бүгін Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) WTA қорытынды турнирінде үздік шықты.
Бұл турнирде Елена алғаш рет финалға шығып, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы ойнады. Рыбакина 6:3, 7:6 (7:0) есебімен жеңіске жетті.