Астана әкімдігінің ақпаратынша, қар мен көктайғақтан тазарту жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қаланың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген режимде еңбек етуде.
9 қарашаға қараған түні Астанада қар тазалау жұмысына 800-ден астам жол жұмысшысы мен 1220 арнайы техника жұмылдырылады.
Қазірдің өзінде қаладан 17 мың текше метрден астам қар немесе 1349 жүк көлігіне тең көлем арнайы полигондарға шығарылған. Қысқы маусым басталғалы бері барлығы 67 мың текше метр қар (5404 жүк көлігі көлемінде) шығарылған.
Қар тазалау кезінде алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазартылып, содан кейін қозғалыс қарқыны орташа аумақтар – аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар ретке келтіріледі.