Бразилияның Парана штатындағы Риу-Бониту-ду-Игуасу қаласында соққан торнадо салдарынан үлкен шығын келді.
Алдын ала мәлімет бойынша, 6 адам қаза тауып, 750-ден астам тұрғын жарақат алған. Қаланың 80 пайызы бүлінген, ондаған ғимарат пен көлік жарамсыз күйге түскен.
Парана билігі өңірде төтенше жағдай жариялады.