$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Солтүстік Қазақстан облысында жол жабылды

09.11.2025ж. 10:00
Солтүстік Қазақстан облысында жол жабылды
Фото: pixabay

ҚазАвтоЖол Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

– Қатты жауын-шашын мен ауыр жүк көліктерінің қозғалысы салдарынан KZ15-08 «Тимирязево – Сарыколь – облыс шекарасы» автожолының 0-30 км аралығында жол ойылып кетті. Осыған байланысты, 2025 жылғы 9 қараша сағат 11:00-ден бастап жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі үшін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.