$541.34 €640.73 ₽6.53
×

1 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталды

09.11.2025ж. 16:47
1 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталды
Фото: pixabay

Елімізде жас мамандарға арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 1 пайыздық жеңілдетілген ипотекалық несиеге өтінім қабылдау басталды,-деп хабарлайды Astana TV. 

Бағдарлама кімдерге арналған:
Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, агроөнеркәсіп, мәдениет және спорт салаларының мамандары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері аппараттарында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер (әкімдер мен орынбасарларынан басқа) қатыса алады.

Өтінімдер онлайн түрде Baspana Market платформасы арқылы қабылданады. Ол үшін жеке кабинетке кіріп, өтінімді толтыру және нәтижесін күту жеткілікті.

Бағдарлама шарттары:

-Біржолғы төлем – 100 АЕК (2025 жылы бұл 393 200 теңге);

-Тұрғын үй сатып алу немесе салуға арналған жылдық 1% мөлшерлемемен несие;

-Несие сомасы – өңір мен елді мекенге байланысты 2 500 АЕК-ке дейін (шамамен 9,83 млн теңге);

-Несие мерзімі – 15 жылға дейін.

Қатысушыларға қойылар талап-техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломның болуы, несие алған маман өз өңіріндегі ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымға мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті, бұрын алынған несиелер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы керек.