$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жапонияда жер сілкінісінен кейін цунами дабылы жарияланды

09.11.2025ж. 20:20
Жапонияда жер сілкінісінен кейін цунами дабылы жарияланды
Фото: pixabay

Жапонияның солтүстік-шығыс жағалауында магнитудасы 6,7 жер сілкінісі тіркелді,-деп хабарлайды Astana TV. 

Жапония метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, дүмпу  Ивате аймағында магнитудасы 6,9-ға дейін жетіп, кей аймақтарда цунами толқынын тудырған.

Қазіргі уақытта ел аумағындағы атом электр станцияларында төтенше жағдай тіркелмеген. Сондай-ақ, қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаити кеңсесінде төтенше жағдайға байланысты арнайы дағдарыс штабы құрылып, жер сілкінісіне қатысты ақпаратты жинау және құтқару қызметтерінің жұмысын үйлестіру басталды.