Елдос Сметов Париж Олимпиадасынан кейін екінші мәрте ел чемпионатында күреспейді. Бұл туралы федерацияның хабарлаламасында отанлық танымал татами шеберінің құрметті қонақ ретінде қатысатыны айтылды,- деп хабарлайды Astana TV 1Бол!-ға сілтеме жасап.
Семейде 10-13 қараша күндері аралығында өтетін ҚР чемпионатында еліміз бойынша 17 облыс пен 3 қаладан 20 құрама балуандары сынға түспек. 10 қараша ерлер 60, 66 келіде күрессе, әйелдер 48, 52 келіде белдеседі. 11 қарашада ерлер 73, 81, әйелдер 57, 63, 70 келіде күреседі. Ал 12 қараша ерлер 90, -100, +100 келіде ел үздіктерін анықтаса, әйелдер -78, +78 келіде сынға түспек. Чемпионатты соңғы жарыс күнінде өңірлер командалық сында ел біріншілігінің жеңімазы атану үшін барын салады.
Айта кететін жайт, былтырғы жылы ҚР чемпионаты Ақтөбе қаласында өтті. Бұл сында үздік атанған отандық балуандар биыл өткен әлем чемпионатында жүлде алған жоқ.
Ал Елдос Сметов 2024 жылдың шілде айында Олимпиада чемпионы атанған соң құраманың жаттығу жиындарына қосылмады. Алдын ала мәлімет бойынша, әлемдік дзюдода 60 келінің үздігі қаңтар айында құрамамен бірге жаттыға бастауы мүмкін.