$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Есірткіге мас күйінде көлік жүргізген

10.11.2025ж. 07:47
Есірткіге мас күйінде көлік жүргізген
Фото: pixabay

 Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек аудандық сотында ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес И. деген тұрғынға қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған жүргізуші бұрын көлік басқару құқығынан айырылған. Соған қарамастан, есірткіге мас күйінде автокөлік руліне отырған.

Сотталушы кінәсін мойындап, іс бойынша жиналған дәлелдемелерді дауламады. 

- Сот жаза тағайындаған кезде қылмыстың қоғамдық қауіптілігін, сотталушының тиісті қорытынды жасамай, жол қозғалысының басқа қатысушыларына, адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіргенін, басқа да мән-жайларды ескерді. Жүргізушіге 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі ең төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді. Оған қоса ол өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады ведомстводан.