$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

10.11.2025ж. 09:16
Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: pixabay

«Қазгидромет» деректері бойынша бүгін Қазақстан аумағында қар,  боран, көктайғақ болады,- деп хабарлайды Astana TV. 

Ақмола, СҚО, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, ШҚО, Абай облыстарыНда желдің екпіні 15–20, кей жерлерде 23–28 м/с дейін жетеді.

Астана, Көкшетау, Петропавл, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Семей, Өскемен — қар, боран, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Жетісу, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Маңғыстау облыстарында тұман түседі. 

ШҚО, Абай, Ұлытау, Павлодар, Жетісу, Жамбыл облыстарында желдің екпіні 28 м/с дейін күшейеді.

 Сақ болыңыздар! Солтүстік пен шығыста жолға шығуды шектеу ұсынылады.