Әлеуметтік төлемдердің тағайындалу заңдылығына талдау жүргізу кезінде әйелдің заңсыз әрекеті әшкере болды, -деп хабарлайды Astana TV.
Күдікті жеке кәсіпкерлердің электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін пайдаланып, жүкті әйелдерді кәсіпорындарға жалған жұмысқа орналастырған.
“Әрі қарай ол жүкті әйелдердің атына заңсыз түрде әлеуметтік төлемдерді рәсімдеп, белгіленген қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған. Заңсыз іс-әрекеттің салдарынан мемлекетке 217 млн теңге көлемінде шығын келтірілген”, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне әрі қарай тергеп-тексеру үшін жолданды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.