$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мұғалім алаяқтық жасап, 420 мың теңгені иемденген

10.11.2025ж. 15:00
Мұғалім алаяқтық жасап, 420 мың теңгені иемденген
Фото: Caravan.kz

Ақтөбеде бастауыш сынып мұғалімі танысының баласын мұғалім ай сайын оқушыдан ақша алып отырған, -деп хабарлайды  Astana TV. 

Ақтөбе қаласының №2 сотының материалдарына сәйкес,әйел  2024 жылдың тамыз айында  жекеменшік мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болған. Ол  танысының баласын мектепке заңсыз орналастырып,   ай сайынғы оқу ақысы үшін  60 000 теңгеден алып отырған.  

Сотталушы білім беру қызметі туралы шартқа баланың атынан қол қойдырған. Бірақ бұл шартты мектеп әкімшілігіне тапсырмай, баланың заңсыз оқып жүргенін жасырып отырған. Нәтижесінде, жәбірленуші 2025 жылғы наурыз айына дейін ай сайын 60 000 теңгеден төлеп, жалпы 420 000 теңге ақшасын мұғалімнің жеке шотына аударып отырған. Сотталушы бұл ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған, - деп жазылған сот хабарламасында. 

Сот отырысында мұғалім өз кінәсін толық мойындаған. Сот үкімі бойынша бастауыш сынып мұғалімі 190-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, бірақ ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды. 

Сот үкімі заңды күшіне енді.