$541.34 €640.73 ₽6.53
×

“Қызылжар” клубы ресми түрде жекеменшікке өтті

10.11.2025ж. 15:39
“Қызылжар” клубы ресми түрде жекеменшікке өтті
фото: ФК "Кызыл-Жар"

Петропавлда "Қызылжар" футбол клубының спорттық бренді, инфрақұрылымы мен активтерін жеке меншікке беру туралы келісімге қол қойылды,-деп хабарлайды Astana TV  aladop.kz-ке сілтеме жасап. 

 

AmanVibe телеграм арнасының мәләметінше құжат клубтың ҚФФ, FIFA және UEFA ұйымдастыратын жарыстарға қатысуына байланысты барлық құқықтар мен міндеттемелердің жаңа иесіне ауысуын бекітеді.

Бұл - Мемлекет басшысының кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясындағы шешімдердің бірі. Клубтың негізгі инвесторы ретінде белгілі кәсіпкер Сергей Кан таңдалды.