$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Қыс-2025»: Астанада қысқы ТЖ-ға дайындық тексерілді

10.11.2025ж. 18:31
«Қыс-2025»: Астанада қысқы ТЖ-ға дайындық тексерілді

 Елордада «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті,-деп хабарлайды Astana TV. 

Құтқарушылар, полиция, Ұлттық ұлан және волонтерлер қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға ден қою іс-қимылдарын пысықтады.

 Оқу-жаттығу барысында жылыну, алғашқы көмек және тамақтану пункттері бар шатырлы лагерь құрылды. №29 орта мектеп базасында зардап шеккендерді қабылдау пункті ұйымдастырылды.

 Барлығы 135 адам мен 46 техника жұмылдырылды.

 Мұндай оқу-жаттығулар қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға және қызметтердің өзара іс-қимылын арттыруға мүмкіндік береді.