Қостанай облысындағы Жітіқарада түлкі адамға атылып, қауіп төндіруде. Түз жануарынан зардап шеккен түрғын бірден медициналық көмекке жүгініп, құтырма ауруына қарсы екпе алған. Жағдайы қалыпты.Қала іргесіндегі Ырсай ауылына да түлкі кіріп, қорадағы құстарды жайратып салған. Осы уақытқа дейін тұрғындардан түз жануарын кездестіргені жайлы 4 хабарлама түскен көрінеді. Аңшылар мылтығын асынып, түлкі атуға қамданып жатыр.
ПЕТР ГУРАЧЕНКОВ, АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы тарапынан түлкі мен қарсақ ату жөнінде тиісті субьектілерге хат жолданды.Қарашаның бірінен бастап аң аулау маусымы басталды.Енді қала шетіне қаптаған түз жануарлары азаяды деген сөз.Ал аман қалғаны орманға, алыс жаққа ауып кетеді.