$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда автобус аударылып, 17 адам жарақат алды

10.11.2025ж. 19:00
Павлодарда автобус аударылып, 17 адам жарақат алды

Павлодарда көктайғақ салдарынан  жолаушылар мінген автобус аударылып қалды. Салдарынан бір адам көз жұмып, 17 адам жарақат алды. Науқастардың барлығы Екібастұз қаласының  ауруханасына жеткізілді.  4 науқастың жағдайы ауыр.

Жалпы елімізде жол апаты азаяр емес. Ол туралы өңірлердегі тілшілеріміз айтады.

ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Өңірде соңғы 2-3 күнде өңірде ауа райы күрт бұзылды. Қар жауып, арты жаңбырға ұласты. Соның кесірінен  жолдар көктайғаққа айналған. Көлік түгіл жаяу жүрудің өзі қиындап кетті. 

Шідерті кентінің маңында 50 жолаушысы бар автобус апатқа ұшырады.  Жол көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, 17 жолаушы жарақат алды.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Жансақтау бөлімінде жатқан 4 науқастың екеуі палатаға ауыстырылды. Жағдайы жақсы. Ал екі науқастың денсаулығы қалыпты. Олардың жағдайы орташа ауырлықта деп саналды. Барлық науқастарға қажетті ем-дом жасалып жатыр. Олардың жағдайын аймақтың бас дәрігері өз бақылауына алды.

Қолайсыз ауа райынан өңірде жол апатты  көбейген.  Көктайғақ салдарынан  кей бағыттар бойынша  жол жабылды.  Өйткені,  жел күшейіп, арты боранға ұласуы мүмкін.

ҚАЗБЕК РЫМБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ:

Павлодар-Успенка және Ресей Федерациясының шекарасына дейін және де Павлодар-Шарбақты Ресей Федерациясының шекарасына дейін жолаушылар автобусына шектеу қойылған. Бүгінгі таңда дауылды ескерту бар. Ол бұрқасын, жауын-шашын, көктайғаққа байланысты.

ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Төтенше жағдай мамандары  тұрғындарға алыс жолдарға шықпауға кеңес береді. Өйткені, ауа райы сағат сайын құбылып тұр. Мені әрі қарай әріптесім Заңғар Санай жалғастырады.

ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:

Қостанай күн жылы, бірақ, сонда да жол- көлік апаты көп. Оның   себебі әртүрлі дейді жауаптылар. Жыл басынан бері 1 мыңнан астам оқиға тіркеліп, 60 адам ажал құшты.1500-ден астам  жолаушы жол апатынан жарақат алған.

Жаяу жүргіншілер жолағында 10 адам жан тапсырған.Полицейлер  жол қауіпсіздігін жоғарыдан бақылап, ереже елемегендерді дрон арқылы анықтауға кірісті.

ЕРЛІК СҰРАҒАНОВ, ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Басты назар аударатын жайт- ол жүргізушілердің жая жүргіншілерге   арналған жерлерден өткізбеу фактілерін анқытайды. Себебі оларды өткізбеудің салдарынан Қостанай қаласында жол  жол апаттары  көбейіп кетті.

Енді күн сайын қала көгіне 10 дрон көтеріледі.Оны арнайы курстан өткен полицейлер бақылап отырады. Олар бір күннің ішінде 78 жол ережесін бұзу фактісі анықталғанын айтады.

ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:

Мамандар өткен жылмен салыстырғанда өңірде жол көлік апатының жиілеп кеткенін айтады. Оның алдын алу үшін кешенді шаралар ұйымдастырылып жатыр. Сонда дакөлденеңнен келетін көлік апатының көрсеткіші көңіл көншітпейді. Жол ережесін ескермей, жоғары жылдамдықпен жүйткитіндер азаяр емес.