Түркістан облысында энергетикалық сусын ішкен жас жігіт есінен танып қалды. Сарыағаш қаласында жол жиегінде ес-түссіз жатқан адамды полицейлер байқап қалған. Дереу жедел жәрдем шақыртқан. Медициналық көмек жетіп болмаған соң, жігітті өздерінің қызметтік автокөлігімен ауруханаға шұғыл түрде апарған. Дәрігерлердің тексеруі нәтижесінде ер адамның энергетикалық сусын ішкеннен кейін өзін нашар сезініп, есінен танып қалғаны анықталды.