$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан мен Ресей тауар айналымын 30 миллиард долларға дейін жеткізуге ниетті

Қазақстан мен Ресей тауар айналымын 30 миллиард долларға дейін жеткізуге ниетті

Қазақстан мен Ресей тауар айналымын 30 миллиард долларға дейін жеткізуге ниетті. Бүгін Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровты қабылдады. Кездесуде Қазақстан Президентінің Мәскеуге жасайтын мемлекеттік сапары аясында қаралатын көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты бағыттары талқыланды.  Президент Ресей Федерациясы Қазақстан экономикасына қаржы салған жетекші инвесторлардың бірі болып отырғанына назар аударды. Былтыр жалпы инвестиция көлемі 4 миллиард долларға жетті. Елімізде көптеген ресейлік компания жемісті жұмыс істеп жатыр,  бұл екі ел арасындағы өзара сенімнің жоғары деңгейі деп атап өтті Мемлекет басшысы. Денис Мантуров қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдіріп, ресейлік тараптың екіжақты байланыстарды одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады.  Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Денис Мантуровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.