$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан - Ресей сауда байланысы артты

10.11.2025ж. 19:00
Қазақстан - Ресей сауда байланысы артты

Қазақстан – Ресей сауда байланысы артып келеді. Жалпы елімізде экспорт 6 жарым млрд АҚШ долларына жуықтаса, оның 88,8 проценті көршіміздің үлесінде. Импорттық тауардың 29 проценті дәл осы елден аламыз. Осылайша,  Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ бойынша сауда қатынасын нығайтуда.

Экспортқа елдің түкпір-түкпірінен тауар тасымалданады. Мәселен, Қарағанды облысын алсақ мұнда да бұл өңірдің де Ресеймен саудасы белсенді дамып келеді. Жалпы тауар айналымы 1,89 млрд АҚШ долларын құрайды, бұл табыстың көбі Ресейге сатылатын тауардан келеді. Экспортқа көбіне - өңделген мыс, механикалық құрал-жабдықтар, көмір, марганец, темір рудалары мен концентраттар, ферроқорытпа шығарылады.

РАСУЛ ҚАСЕНХАН, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оның 93%- ы немесе 1,77 доллар ол бізде Ресеймен жүзеге асады. Біздің «QarMet», «Kazakhmys» болсын басқа да ірі алпауыт индустриалдық зауыттарымыз өзі шығарған өнімдерін сол РФ- ына жібереді. Қазіргі таңда өзіміз де қайта өңдеуді қолға алып жатырмыз. Оның өзінде де РФ нақты серіктесіміз болып отыр. 

Аймақта биыл ауылшаруашылығының экспорты да артқан. Көрші елге бидай мен ұн былтырғыдан 3 есе көп жөнелтілген. Сонымен бірге жылқы еті, балық пен сүт өнімдері сатылады. Ал Қарағанды құс фабрикаларының жұмыртқалары тіпті көп жіберіледі екен.

БЕРІК ТОҚМҰРЗИН, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы алғанда өңірдің сыртқы экономикалық қызметінің негізгі бағыттары осы экспорт саласы ғой. Сондықтан РФ Қарағанды облысының негізгі аграрлық серіктестігі деп айтамыз. Қандай өнім болса да сапалы болса ол сұранысқа ие болады. Сондықтан біздің шығарып жатқан өнімдеріміз мен ойлаймын сапалы деп. Соғанбайланысты сыртқы мемлекеттерден сқранысқа ие болып жатқаны сол сапаға байланысты болып отыр.

Ресейден де бізге аз өнім әкелінбейді. Көлік, дәрі-дәрмек, шиналар мен металл құрылғыларды солардан аламыз. Ұн, кондитерлік өнімдер тағы бар. Бұл қажеттілік және өндіріс пен инфрақұрылымды қолдау үшін қолданылатын шаралар. Әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.