АҚШ-та Қазақстанның білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеретін маңызды келісімдерге қол қойылды. Президент ресми сапары аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен әлемдік онлайн-білім беру платформасы Coursera компаниясы жасанды интеллектке негізделген цифрлық білім беру жүйесін дамыту туралы келісімге келді. Сонымен қатар, Arizona State University мен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті арасында қос дипломды оқу бағдарламасы мен халықаралық Honors College жобасы іске қосылады. Келісімнің басты бағыты – жасанды интеллект технологияларын қазақстандық университеттердің оқу процесіне енгізу.
МЕРУЕРТ АРИСТОМБАЕВА, Қ.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:
Бір жыл бойы Пинселания мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдама өттім. Және сол тағылымдама бойынша екі жоба жасадық профессорлармен. Бірінші жоба жасанды интеллектті оқу орындарында АҚШ-тық жетекші университеттер мен Европа жетекші университеттері нормативтік құжатты қалай қабылдайды. Жәнеде Орталық Азиядағы ситуацияны да қарастырдық. Өзіміздің университеттерге рекомендация жасаған болатынбыз.