$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«СӨЙЛЕ» клубына қызығушылық артып келеді

AstanaTV
10.11.2025ж. 19:00
«СӨЙЛЕ» клубына қызығушылық артып келеді

Ақтөбеде қазақ тілін үйренгісі келетіндер бір алаңда бас қосты. Бұл-«Сөйле» тіл клубының кезекті сабағы. Ерекшелігі-мұнда ешкімнен ұялу да, қатесіз сөйлеу де міндет емес. Ең бастысы-ынта. Сабаққа арнайы келген қонақ-қазақ тілін еркін меңгерген, көпшілікке үлгі болып жүрген жоба амбассадоры Яков Фёдоров. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, қазақша сөйлеуге қорықпау керегін айтты. Қатысушылар ойын жаттығулары, диалогтар және рөлдік жағдайлар арқылы тілдік тәжірибелерін жетілдіреді. «Менің елім- менің тілім» жобасы 2023 жылдың қаңтар айында «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының бастамасымен іске қосылған. Бүгінде клуб еліміздің 10-нан астам өңірінде жұмыс істейді. Қатысушылар саны 5 мыңнан асады. Сабақ тегін, қатысуға ниетті кез келген адамға ашық. Әр сабақтың форматы әртүрлі. Бірде кітап талқылайды, бірде күнделікті өмір тақырыптарын қозғайды. Бұл жолғы сабақ ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар күнделікті өмірде жиі кездесетін сөйлемдерді қолдану арқылы қазақ тілінде еркін сөйлесуді жаттықтырды. 

ЯКОВ ФЁДОРОВ, «СӨЙЛЕ» КЛУБЫНЫҢ БРЕНД-АМБАССАДОРЫ:

Ерекшілігіміз біз тек қана тілді емес,біз мәдениетті үйретеміз. Біздің қатысушыларымыз музейлерге, театрларға барады. Қазақ тілінде әртүрлі іс-шараларға құатысады. Өйткені, меніңше тіл ол негізі қазақ жанын түсіну үшін өте жақсы құрал.

САФУРА ЕСЕНАМАНОВА, «СӨЙЛЕ» КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазақша сөйлеймін, қазақша оқимын. Қазақша дұрыс жаза алмаймын. Грамматикасын білмеймін.Мен өзім Россияданмын. Россияда туып өскен қазақпын. Осы жаққа көшіп келіп, қазақшаны осы жақта үйрендім.