Жасанды интеллект және сандық даму министрлігі алаяқтарға қарсы күресу үшін байланыс қызметін көрсету ережелеріне түзетулер енгізді,-деп хабарлайды Astana TV.
Мобильді операторлар алаяқтық белгісі бар қоңыраулар мен SMS-терді анықтап, абоненттің аты-жөні, ЖСН және тіркелген абоненттік нөмірлерін Ұлттық банктің антифрод орталығына хабарлауы керек. Алаяқтық фактісі расталса, оператор сол нөмірдегі абонентке қызмет көрсетуін тоқтатып, бұл туралы Ұлттық банкке хабарлайды.
Сондай-ақ операторлардың 10-нан астам нөмірді рәсімдеуге қатысты ережелер нақтыланды. Ол үшін абонент қосымша нөмірлердің қажет екенін негіздейтін өтініш беріп, нөмірлерді қолдану мақсатын көрсетуі тиіс.
Министрліктің бұйрығы 18 қарашадан бастап күшіне енеді.