Шэньчжэньдегі Lonvi Biosciences қытайлық стартапы өмірді 120 жылға дейін ұзартатын дәрі жасап жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат The New York Times сілтеме жасап.
Америкалық басылым атап өткендей, Lonvi Biosciences жүзім дәнінің сығындысында кездесетін қосылыстарға негізделген қартаюға қарсы дәрілер жасап шығарумен айналысады.
Компанияның мәлімдеуінше, олар сау клеткаларға зиянын тигізетін қартайған клеткаларды жоятын ерекше молекула шығарған.
Жарияланымда жүзім дәндерінің батыс мәдениетінде де, дәстүрлі қытай медицинасында да ежелден пайдалы тағам болып саналғаны айтылған.
Басылымның мәліметінше, Lonvi Biosciences белсенді молекулалардың жоғары концентрациясы бар капсулаларды өндіру технологиясын жасап шығарған.
Компания өзінің таблеткалары салауатты өмір салтымен және сапалы медициналық көмекпен үйлескенде адамдардың 100-ден 120 жасқа дейін өмір сүруіне көмектеседі деп санайды.