Бүгін Димаш Құдайберген «Stranger» концертік туры бойынша Лондонға ұшып барған. Бұл туралы Dimashnews сайты хабарлады.
«Әуежайда әншіні жанкүйерлері туларымен, сыйлықтармен және гүлдермен күтіп алған. Dears фан-клубтарының өкілдері сүйікті орындаушысын қарсы алу үшін арнайы дәліз жасап, қоршауларға өздерінің туы мен баннерлерін іліп қойды. Әнші жол-жөнекей қолтаңба беріп, бірге суретке түсіп, өз жанкүйерлеріне жылы қарсы алғандары үшін алғысын білдірді», - делінген ақпаратта.
